Төтенше жағдайлар министрлігі шағын бизнес субъектілерін тексере алмайды

1012

Төтенше жағдайлар министрлігінің ұсынысымен Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімдігі халықтың әлеуметтік осал тобына электр сымдарын ауыстыру және жылу жүйесін жөндеу үшін 1 290 млн теңге бөлді. Бұл туралы министр Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі шағын бизнес субъектілерін тексере алмайды

"Қыста Нұр-Сұлтан, Петропавл қалаларында шағын бизнеске жататын субъектілерде орын алған өрт салдарынан 2 адам қайтыс болып, 15 адам зардап шекті. Біз мораторийға байланысты оларды алдын ала тексере алмадық", – деді Юрий Ильин.

Министр балондардағы сұйытылған газдың негізгі тұтынушылары тұрғын үй секторы және шағын бизнес субъектілері екеніне назар аударып, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ жабдығының қауіпсіз пайдаланылуын бақылау әкімдіктерге жүктелгенін жеткізді. 

"Газ тарату ұйымдарымен бірлесіп, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында профилактикалық рейд жүргізілді. Тиісті тұлғаларға азаматтардың қауіпсіздігі үшін міндетті түрде өрт дабылы, өрт сөндіру және хабарлау жүйесін орнату міндетті екенін түсіндірдік", – деді Юрий Ильин.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу