Төтенше жағдайлар министрлігі судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуде

222

Елімізде су айдындарында 22 мыңнан астам рейд пен патрульдеу жүргізілді.  

Төтенше жағдайлар министрлігі судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуде Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында су айдындарындағы қауіпсіздік шараларына арналған брифинг өтті. Спикер ретінде Төтенше жағдайларды жою департаменті басқармасының бастығы Магомет Ахриев сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігі басқа мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Министрлік, Ішкі істер министрлігі және волонтерлердің қатысуымен қауіпті аймақтарда 22 мыңнан астам рейд пен патрульдеу ұйымдастырылған.

Жыл басынан бері 7,5 мың бала жүзу дағдыларына оқытылды. Сонымен қатар 95 мыңға жуық жадынама мен ақпараттық материал таратылып, су айдындарында 760 қауіпсіздік белгісі орнатылды.

Шомылу маусымында күзетілмейтін су айдындарында қосымша 168 маусымдық мобильді құтқару бекетін орналастыру жоспарланып отыр.

Биыл республика бойынша судағы демалысқа арналған 733 рұқсат етілген орын анықталған. Оның ішінде 257 коммуналдық жағажай және 433 жекеменшік жағажай бар. Коммуналдық жағажайлардың барлығы халық үшін тегін болады.

Министрлік мәліметінше, жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде суға кету оқиғалары азайып келеді. Өткен жылы құтқарушылар 276 адамды, оның ішінде 85 баланы құтқарған. Ал 2025 жылғы шомылу маусымында адам өлімі 2024 жылмен салыстырғанда 22 пайызға төмендеген.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу