Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев Tesla Cybertruck көліктеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін алғашқы Cybertruck көлігін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті сатып алған.
"Біздің министрлік ең алдымен шұғыл көмекті қажет ететін, әр минуты санаулы жағдайларда жұмыс істейді. Cybertruck төтенше жағдайларға шығу кезінде өз тиімділігін дәлелдеді деуге болады. Бұл жерде сөз адам өмірін құтқару қалу туралы болып отыр", – деді Ерболат Садырбаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Тілшілер осы маркалы көліктер тағы да сатып алынуы мүмкін бе деп нақтылады.
"Мұндай жоспар бар. Жалпы алғанда, министрлік арнайы техникалар паркін жаңартуға басымдық беріп отыр. Бұл ретте техниканың тиімділігіне баса назар аударылады", – деді Ерболат Садырбаев.