Төтенше жағдайлар министрлігі волонтерлерге алғыс білдірді

234

Осы сағатта 24 496 адам өз үйлеріне оралды. 

Төтенше жағдайлар министрлігі волонтерлерге алғыс білдірді Фото: видеодан алынған кадр

Азаматтық қорғау қызметтері, волонтерлер және тартылған ұйымдар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылармен қатар су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге, тұрғындарға жан-жақты қолдау мен көмек көрсетіп жүрген волонтерлерге алғыс білдіреді", - деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Оның мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде. Алдын ала эвакуацияланған тұрғындар эвакуациялық пункттер мен туыстарының үйлерінде, сондай-ақ үй жануарлары құтқарылды. Өңірде барлығы 1,2 млн астам қапшық және 22 мың тонна инертті материал төселді.

Атырау облысында бір апта ішінде Жылыой ауданының Құлсары қаласында жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен 86 мыңнан астам текше метр су сорылды.

Солтүстік Қазақстан облысында қазіргі уақытта үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Есіл өзені су деңгейінің төмендеуі байқалады.

Осы сағатта 24 496 адам өз үйлеріне оралды. 8 850 адам, оның ішінде 3 840 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 608 тұрғын үй мен 2 774 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу