Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруға арналған комиссия жұмысын бастайды

745

Президент Жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін құруды  ұсынған болатын.

Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруға арналған комиссия жұмысын бастайды Фото: Серікжан Қобыланбаев

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруға қатысты тиісті комиссия жұмысын бастайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында құқық қорғау саласындағы реформа мәселесін қозғады. Оның ішінде полицияға қажет басты бағыттарды атап өтті. Біріншіден, Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру айтылды. Бұл бойынша материалдық заттарды беру және кадр мәселесін шешу үшін тиісті комиссия құрылады. Содан соң, республикалық бюджетке нақтылауға ұсыныс жасаймыз", –деді министр Үкімет отырысында.

Айта кетейік, Президент Жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін құруды  ұсынды.

"ІІМ құрылымын бейінді емес функциялардан босатып, қайта қарастыру қажет. Бұл осы маңызды ведомство жұмысының тиімділігін арттырады. Табиғи және техногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп санаймын", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу