Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Аманбаев Марғұлан Топашұлы Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Марғұлан Аманбаев осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.
Сондай-ақ, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды.
ҚР ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов Атырау облысының әкіміне, ТЖД жеке құрамына және азаматық қорғау органдарының ардагерлеріне жаңа тағайындалған бастығы полковник Нұрлан Жанабаевты таныстырды.
Министр ТЖД-ның тағайындалған бастығына қауіпсіздік мәдениетін және халықтың құтқару ведомствосына деген сенім деңгейін арттыру үшін ұйымдастырушылық және практикалық шараларды орындау қажеттігін атап өтіп, бірқатар тапсырмалар берді.