Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа комитеттері құрылды

908

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысы жарияланды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа комитеттері құрылды

 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамындағы жаңа комитеттердің атауы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысы жарияланды.

Қаулыға сәйкес, Өртке қарсы қызмет комитеті мен Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылды.

Сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің атауы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып өзгертілді.

Бұдан бөлек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетсек, биыл қыркүйек айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылды.

Кейіннен Юрий Ильин ҚР Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу