Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

178

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды Фото: primeminister.kz

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Кеген Ахметұлы Тұрсынбаев Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кеген Ахметұлы 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы Қызыл Тулы Рязань жоғары әуе десанттық командалық училищесін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Әр жылдары ҚР Республикалық ұланы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде істеген.

2020-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2021-2022 жылдары — ҚР Президенті Іс басқармасының бөлім бастығы.

2022-2024 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу