Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші Вице-министр сотталды

221

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші Вице-министр сотталды Фото: primeminister.kz

Ақмола гарнизонының әскери соты Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші Вице-министр И. Күлшімбаевқа қатысты үкімді жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ол өзінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, сот Мемлекет басшысының атына Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуге қаулы етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу