Бұл туралы Сенатор отырысында депутат Асқар Шәкіров айтты.
"Өздеріңіз білетіндей, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ең алдымен су объектілерінің тұрақты мониторингін ұйымдастыру маңызды. Сонымен қатар гидробиологиялық көрсеткіштерді бақылау пункттері мен бекеттерін күшейту қажет. Тағы да басты мәселе - су шаруашылығы және су қорғау жұмыстарын уақтылы және тиісті қаржыландыру. Ол да өзекті мәселелердің бірі", – деп атап өтті сенатор.
Сондай-ақ, депутаттың айтуынша, төтенше жағдайлардың туындау қаупін бағалау кезінде трансшекаралық су объектілерінің болу фактісін де ескеру қажет.
"Осыған байланысты маңызды бағыттардың бірі трансшекаралық су объектілерін басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және кеңейту, қолда бар шарттар мен келісімдерді ескере отырып, іс-шаралар кешенін жүзеге асыру", – деді Асқар Шәкіров.