"Darmen" атты қосымша облыс аумағында төтенше жағдай қаупі төнгені немесе туындағаны туралы хабарды бірнеше секунд ішінде жаппай хабардар етуге мүмкіндік беруде.
"Қазіргі уақытта мобильді қосымша арқылы "Қазгидрометтің" ауа-райы мәліметтері жөнелтіліп жатыр. Сондай-ақ, мектеп жасындағы балалардың ата-аналары үшін балаларының қауіпсіздігі, елді-мекендердегі электр жарығының өшірілуі және басқа да маңызды хабарламалар таратылуда", – дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Айгүл Нұрманова.
"Darmen" мобильді қосымшасы Android және iOS операциялық жүйелеріне құрылған. Оны App Store мен Play Market дүкендерінен жүктеп алуға болады. Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабарлама таратады.
Нұрбек Дәуренбеков