Төтеншеліктер аязға байланысты жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

709

Дегенмен, бұл ақпарат қала тіршілігі үшін маңызды ұйымдарға қатысты емес.

Төтеншеліктер аязға байланысты жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

Ауа райының бұзылуы және ауа температурасының күрт төмендеуіне, жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін Астананың төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, кәсіпорындар (базарлар, СОО) мен құрылыс объектілеріне жұмыс күнін қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Дегенмен, бұл ақпарат өрт сөндіру қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем көрсету қызметі, коммуналдық қызметтер сынды қала тіршілігі үшін маңызды ұйымдарға қатысты емес.  "Қазгидромет" РММ мәліметі бойынша 25 желтоқсанда ауа температурасы -30 С, алайда -38 С болып сезіледі, жел екпіні 2 м/с.

Төтенше жағдайлар кезінде "112" нөміріне қоңырау шалу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу