Төтеншеліктер баласы бар үйлердің терезесіне темір тор салып жатыр

1491

Қызылордада төтенше қызметтің өкілдері баласы бар үйлердің терезелеріне шетінен темір тор салып шықпақ, деп хабарлайды Аtameken Business.  

 Төтеншеліктер баласы бар үйлердің терезесіне темір тор салып жатыр

Себебі өңірде көпқабатты пәтерлерден бала құлау фактісі азаймай тұр. Тіпті үйде әке-шешесі қарап отырып-ақ осындай жағдайға жол берілуде. Жалпы статистикаға сүйенсек, соңғы 5 жылда Қазақстанда 140 бала терезеден құлап, мерт болыпты. Аман қалғандарының арасында мүгедек болып қалғандары да қаншама. Сондықтан Сыр өңірінің құтқарушылары бұған тоқтам жасап, терезеге темір тор салуды жөн деп шешкен. Бұл өз кезегінде өзге облыстағы тқтеншеліктерге де бағытталған әлеуметтік әрі қауіпсіздік мақсатындағы челлендж. Жауапсыз ата-аналарға да сабақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу