ТЖМ қызметкерлері су тасқынына қарсы арнайы жаңа техникамен жабдықталды

185

Жаңа техникалар КамАЗ базасында жасалған.

ТЖМ қызметкерлері су тасқынына қарсы арнайы жаңа техникамен жабдықталды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақтөбе облысы Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөліміне су тасқынына қарсы шараларға арналған заманауи арнайы автокөліктер берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Техникалардың кілтін салтанатты түрде ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков табыстады.

Оның айтуынша, бұл көліктер  – жай техника емес, төтенше жағдай кезінде адамдардың өмірін құтқаруға арналған маңызды құрал. Біз әрқашан дайын болуымыз керек.

Қазіргі таңда бұл техникалар су тасқынына қарсы күресте белсенді түрде қолданылып жатыр. Олар арқылы жеке құрам мен жабдықтар тасымалданып, су басқан аумақтардағы халыққа көмек көрсетілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу