Toyota 1 млн-нан астам көлікті кері қайтармақ

1077

Toyota 1 млн-нан астам көлікті кері қайтармақ

Жапонияда Toyota компаниясы Takata қауіпсіздік қапшығының кінәратына байланысты 1,15 млн автомобильді кері қайтарады. Бұл туралы euronews.com-ға сілтеме жасап "ҚазАқпарат" хабарлайды.

Жалпы алғанда 2000 жылдың тамызынан бастап 2011 жылдың желтоқсанына дейін шыққан 19 көлік моделінен ақау табылды. Олардың қатарында Corolla седаны мен универсалы, Vitz шағын көлемді көлігі, Noah минивэні бар. 
Осы қауіпсіздік қапшығының мәселесі байланысты немістің Volkswagen концерні жапондық нарықтағы 190 мыңнан астам машинаны кері қайтармақ.

Еске сала кетсек, Жапонияның Takata компаниясы екі жыл бұрын дауға қалған болатын. Олар шығарған қауіпсіздік қапшықтары кемшілік салдарынан апат кезінде дұрыс ашылмайтын болып шыққан. Сол себепті АҚШ-та алдағы үш жыл ішінде Takata компаниясы орнатқан 40 млн қауіпсіздік жастығы кері қайтарылатыны мәлім етілген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу