Toyota 110 мыңнан астам көлігін қайтарып алды

739

Гибридті қуат агрегаты жүйесіндегі ақаулық қозғалтқыштың кез келген уақытта істен шығуына әкеліп соғуы мүмкін.

Toyota 110 мыңнан астам көлігін қайтарып алды

Жапонияның ең ірі автокөлік шығарушысы Toyota Motor концерні гибридті қуат агрегаты жүйесіндегі ақаулыққа байланысты 110 мыңнан астам көлікті кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті басылымдарға сілтеме жасап.

Бұл көліктер – Жапония тұрғындарына сатылғандар. 38 модель жарамсыз екенін белгілі болды. Қатарында Prius та бар. Нақтырақ айтқанда, 2021 жылдың сәуір және тамыз айлары аралығында шығарылған 111 842 көлік қайтарылмақ. Мемлекеттік жер, инфрақұрылым және көлік министрлігінің мәліметі бойынша, Toyota гибридті қуат агрегаты жүйесінен ақаулық тапқан. Бұл қозғалтқыштың кез келген уақытта істен шығуына әкеліп соғуы мүмкін. Әзірге осы ақаулықтың кесірінен апатқа ұшырағандар туралы ақпарат жарияланбады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу