Toyota 2022 жылы өзінің алғашқы электромобилін сата бастайды

720

Жапония 2030 жылдардың ортасына қарай бензин және дизельмен жүретін көлік өндірісінен бас тартпақ. 

Toyota 2022 жылы өзінің алғашқы электромобилін сата бастайды

Жапониялық Toyota Motor автоконцерні келесі жылы өзінің алғашқы электромобилін сатылымға шығарады, деп хабарлайды Inbusiness.kz компанияның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Toyota bZ4X деп аталатын кроссовер 2022 жылдың ортасынан бастап Жапония, Солтүстік Америка, Қытай және Еуропаның бірқатар еліне жеткізіледі. Компания өкілдері әзірге көліктің бағасын жарияламады. Бір рет қуатталған бұл көлік шамамен 500 шақырымды еңсере алады. 30 минут ішінде батареяны 80%-ға қуаттауға болады. 

Компания 2025 жылға қарай 15 модельден тұратын электромобильдердің жаңа топтамасын әзірлемек. Toyota bZ4X – осы топтаманың алғашқы моделі.

Өткен жылдың соңында Жапония үкіметі парниктік газдар шығарындыларын азайтудың жаңа жоспарын мақұлдады. Бұл ел 2030 жылдардың ортасына қарай бензин және дизельмен жүретін көлік өндірісінен бас тартпақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу