Toyota Alphard және басқа да оң рөлді көліктерге жолаушы тасымалына тыйым салынуы мүмкін

509

ҚР Көлік министрлігі және Ішкі істер министрлігі бірлесіп осындай шешімге келуді көздеп отыр.

Toyota Alphard және басқа да оң рөлді көліктерге жолаушы тасымалына тыйым салынуы мүмкін Фото: Қостанай облысы ПД

Қазақстанда Toyota Alphard және басқа да оң жақ рөлді көліктерге бұдан былай танымал такси сервистері арқылы қалааралық маршруттарға шығуына рұқсат етілмейді. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл жол-көлік оқиғаларын алдын алуға бағытталған. Аталған мәселе AMANAT партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы республикалық кеңестің отырысында талқыланды.

Кеңес төрағасы Ерлан Сайыров азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау басты басымдық екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол қабылданатын шешімдер жүргізушілердің жаппай жұмыссыз қалуына әкеп соқпауы тиіс екенін қаперге салды.

Жол апаттарының алдын алу аясында шетелде пайдалану мерзімі өткен немесе техникалық талаптарға сай келмейтін автокөліктерді елге әкелу ережелерін қатаңдату мәселесі де талқылануда.

Автосарапшы және қоғам белсендісі Еркебұлан Құлбасов оң жақ рульді көліктер мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатқанын және бұл бойынша азаматтар мен кәсіби қоғамдастықтан түрлі ұсыныстар түсіп жатқанын айтты.

"Бүгінгі кездесу бірлескен жұмыс туралы уағдаластықтың нәтижесі деп ойлаймын. Талқылауға Көлік министрлігі мен ІІМ қатысуда. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, сонымен бірге адамдарды нәпақасынан айырмайтын теңгерімді шешім табылады деп сенемін", – деді автосарапшы.

 Cоңғы шешімдер жүргізушілер мен жолаушылардың мүддесі ескеріліп қабылданатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу