Toyota Британия мен Франциядағы зауыттарының жұмысын тоқтатады

592

Компания өкілдерінің айтуынша, Британияда табылған жаңа штамның кесірінен бөлшектердің жеткізілімі бәсеңдеуі мүмкін.

Toyota Британия мен Франциядағы зауыттарының жұмысын тоқтатады

Жапонияның Toyota компаниясы Британия мен Франциядағы зауыттарының жұмысын уақытша тоқтатпақ. Мұндай шешімді қабылдауға коронавирустың жаңа штамының таралуы себеп болып отыр. 

Британияда 22 желтоқсанда қозағалтқыштарды өндіретін зауыт, 23 желтоқсанда құрастыру зауыты жабылады. Францияда 22 желтоқсаннан бастап дөңгелек жасайтын зауыттың жұмысы кейінге шегеріледі. 

Компания өкілдерінің айтуынша, Британияда табылған жаңа штамның кесірінен бөлшектердің жеткізілімі бәсеңдеуі мүмкін. Өйткені жаңа штамм анықталды деген ақпараттан кейін қос ел арасындағы қатынас үзілген еді.

Еске сала кесек, 14 желтоқсанда Британияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок елде вирустың жаңа штамы табылғанын мәлім еткен еді. Оның айтуынша, бұл фактор COVID-19 дертінің Англияның оңтүстік-шығысында тез таралуының себебі болуы мүмкін. Ғалымдар жаңа штамм бұрынғысына қарағанда тез тарайтынын мәлім етті.Бірқатар ел Британиямен арадағы көлік қатынасын тоқтатты.

Табиғат Нұрболат

Фото:apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу