Toyota электромобиль саласында революция жасамақ

937

Атақты компания 2021 жылы электрлі көлікке қызығушылықты арттыратын батареясын көрсетеді. 

Toyota электромобиль саласында революция жасамақ

Nikkei басылымы берген ақпаратқа сүйенсек, Toyota қатты денелі аккумулятор батареясының прототипін әзірледі. Құрамындағы элементтердің тығыздығын арттыру арқылы мамандар батареяның екі есе қуатты түрін жасайды. 

Мұндай ауккумулятордың жүріс қоры 500 шақырымнан кем болмайды, әрі ол небәрі 10 минутта қуатталады. Тағы бір ерекшелігі – қатты денелі аккумулятор батареясы тез жана қоймайтын материалдар қатарында, бұл автокөліктің қауіпсіздігін арттырады. 

Сынақтан өтетін алғашқы партия 2021 жылы Сайтама префектурасындағы цехта шығарыла бастайды. Toyota-ның жаңа батарея орнатылған модельдері де сол уақтта жарық көреді. 

Олжас Оқас

Фото: arstechnica.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу