Toyota, Lada және Ravon-ға сұраныс жоғары

1015

 Toyota, Lada және Ravon-ға сұраныс жоғары

Биыл қазақстандықтар 471,7 млн теңгеге жаңа автокөлік сатып алған. Қазавтопром есебіне қарағанда, 2017 жылдың алғашқы тоқсанында 18 мың 858 жеңіл көлік иелерін тапқан, соның 12 мың 799-ы, яғни 67,9% импорттың үлесінде. Ал 32%-ы немесе 6 мың 59 көлік отандық өндірістен шыққандар. Рейтинг бойынша, сұранысқа ие авто әлі де Toyota концернінің еншісінде.

Соңғы 6 айда Қазақстан аумағында 3 мың 949 жапондық көлік сатылыпты. Одан кейін Lada, 3 мың 398. Үшіншіде орында – Ravon. Биыл оған сұраныс 1 мың 293 көлікті құраған. Одан кейін Renault, KIA, Hyundai, UAZ, Nissan, Chevrolet және Volkswagen тұр. Ал жаңа көлік сатып алу бойынша, аймақтардан Алматы мен Астана көш бастап тұр. Атырау, Шымкент, Қарағанды Қостанай, Орал, Өскемен, Ақтөбе және Ақтау. Сатылым 2016 жылмен салыстырғанда 11,8% төмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу