Toyota мен Apple Қазақстанда өндіріс аша ма?

625

Toyota-ны елге шақырудың ешбір мәні жоқ, деді Сыртқы істер министрінің орынбасары. 

Toyota мен Apple Қазақстанда өндіріс аша ма? Фото: google

Орталық коммуникациялар қызметінде Шетелдік инвестицияларды елте тартуға қатысты өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, Toyota, Apple секілді ірі компаниялардың елімізде өкілдігін ашуға қатысты ақпарат берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Алмас Айдаровтың дерегінше, Toyota зауыты қазір Ресейде жұмысын тоқтатпаған, сондықтан оны Қазақстанға шақырудың мәні жоқ.

"Қазір елімізде Kia, Hunday секілді маркалар, қытайлық автомобиль маркалары құрастырылып жатыр. Оның үстіне Toyota-ны мұнда құрастыру бағасы жоғары болуы мүмкін. Сондықтан ол бәсекеге түсе алмай қалуы мүмкін. Оның үстіне корпорация басшыларының дерегінше, қазақстандықтар жақсы көретін "Camry" маркасын өндіру үшін 50 млн-дық нарық қажет. Оның үстіне олардың Ресейдегі өндірісі толықтай тоқтаған жоқ. Сондықтан елімізге Ресейден жеткізіліп жатыр. Осы себептен де елімізде Toyota өндірісін ашу туралы келіссөз жүргізудің мәнісі жоқ", - деді Алмас Айдаров.

Оның айтуынша Apple компаниясына елімізде өндіріс ашуды ұсыну қиынсыз.

"Өйткені елімізде смартфонды өндіруге қатысты бәсекелестік артықшылық жоқ. Білікті жұмыс күші де жоқ. Оның өндіріске қажет өңделген сирек кездесетін металдың көлемі де жеткіліксіз. Арзан жұмыс күші де жоқ", - деді ол.

Сондықтан Apple компаниясымен Алматы қаласында ресми сауда өкілдігін ашу туралы келіссөздер жүріп жатыр. Компания бұл тақылеттес мәселелер 3-4 жыл қарастырылады деген жауап қайтарыпты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу