Toyota миллионнан астам көлікті қайтарып алмақ

951

Қозғалтқыш пен басқару блогын жалғап тұрған сымдар уақыт өте келе ескіріп, қысқа тұйықталуға немесе жануға  соқтыруы мүмкін. 

Toyota миллионнан астам көлікті қайтарып алмақ

Жапониялық Toyota Motor миллионнан астам Prius және C-HR  автокөліктерін жану қаупіне байланысты қайтарып алады, деп хабарлайды Bloomberg агенттігіне сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат.

Toyota дерегі бойынша, қозғалтқыш пен басқару блогын жалғап тұрған сымдар уақыт өте келе ескіріп, қысқа тұйықталуға немесе жануға  соқтыруы мүмкін. Автоөндіруші биыл мамырға дейін шығарылған барлық Prius көліктері мен C-HR моделінің гибридтік нұсқасын қайтарып жатыр.

Toyota Prius соңғы нұсқасын 2015 жылы, ал C-HR көлігін 2016 жылдың желтоқсанынан бастап шығаруда. 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу