Toyota-ның екінші тоқсандағы кірісі 14%-ға артты

1124

Жапониялық компания өзінің 200 млрд иен акцияларын қайта сатып алатынын хабарлады. 

Toyota-ның екінші тоқсандағы кірісі 14%-ға артты

Көлік құрастырушы копанияның маусым-қыркүйек аралығындағы кірісі 662,385 млрд иенді құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (579,158 млрд иен) 14%-ға жоғары.

Бұл соңғы төрт жылдың екінші тоқсандарындағы ең жақсы көрсеткіш. Ал компанияның таза кірісі – 613,115 млрд иен, өткен жылғы 613,569 млрд иенмен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген. Ал автоконцерннің жалпы табысы 7,64 трлн иенге жеткен. 2018 жылы ол 7,311 трлн иенді құрады.

Toyota кірісі 2020 жылы 2,4 трлн иенді құрайды деген ақпаратты растады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (2,47 трлн иен) төмен. Осы орайда компания өз есебінде ұлттық валютаның орта бағамын 1 долларға 107 иеннен, 1 долларға 106 иенге өзгертті. Сондай-ақ, жапониялық көлік құрастырушы өзінің 200 млрд иен (1,8 млрд доллар) акцияларын қайта сатып алатынын хабарлады. Әрі жаһандық сатылым бойынша болжамын 30 мың көлікке қысқартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу