Toyota ұшатын автокөлік жасауға қаражат бөлмекші

930

Toyota ұшатын автокөлік жасауға қаражат бөлмекші

Жапондық Toyota корпорациясы SkyDrive ұшатын автокөлік жобасын әзірлеуге  шамамен 40 млн иен (352 мың доллар) қаржы салады деп жазады The Independent.

Компания бұл қаражатты Cartivator стартапына береді. Қазіргі таңда SkyDrive жобасымен ерікті түрде Toyota инженерлер тобы айналысып жатыр, ал бұған дейін ол краудфанндинг есебінен жұмыс істеген болатын.

Реактивті автокөліктердің ұшу сынағы 2018 жылдың соңына жоспарланған,  әзірлеушілердің жоспары бойынша  2020 жылы Токиода өтетін Олимиадпнвң пдпуын жағу салтанатына қатысады.

Үш дөңгелекті ұшатын автокөлік төрт ротор көмегімен көкке көтеріледі. Ол 10 метрге дейін көтеріліп, жылдамдығын сағатына 100 шақырымға дейін арттыра алады. Сонымен бірге машина жерде де жүреді, ол кезде оның жылдамдығы сағатына 150 шақырымға дейін жетеді.

Дәл қазіргі уақытта ұшатын автокөлікті Нидерленд, Қытай, Германия және АҚШ инжеренелері де айналысып жатыр дейді ВВС.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу