Toyota және Honda АҚШ-тағы өндірісті тоқтатады

918

Ford Motor , Fiat Chrysler және Nissan компаниялары қаңтар айында көлік жасау процесін қысқартты. 

Toyota және Honda АҚШ-тағы өндірісті тоқтатады

Toyota және Honda АҚШ-та орналасқан зауыттарының өндірісін тоқтататынын мәлім етті, деп хабарлайды іnbusiness.kz порталы Investing.com сайтына сілтеме жасап.  Қос компания пластикалық бөлшектер, мұнай химиясы өнімдері және жартылай өткізгіштер сияқты маңызды материалдардың болмауына байланысты осындай шешім қабылдағанын жариялады. 

Бұған дейін Tesla жартылай өткізгіштер мен басқа компоненттердің болмауына байланысты Фремонттағы зауытын уақытша жауып тастауға мәжбүр болған еді. Model 3 көлігін жасау желісі 2021 жылғы 22 ақпаннан 7 наурызға дейін жұмыс істемеді.

Honda өкілдерінің айтуынша, ауа райының қолайсыздығы кесірінен АҚШ-тың орталық бөлігіндегі зауыттар мен құбырлар қатып қалып, өндіріс тоқтаған. 

Toyota қаңтар айында автокөлік өндірісі көлемінің қысқарғанын мәлімдеген еді. Жартылай өткізгіштердің тапшылығына байланысты Ford Motor , Fiat Chrysler және Nissan да өндірісті азайтқан еді. Өйткені жартылай өткізгіштерге деген сұраныс соңғы айларда өсе бастаған болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу