Toyota Жапониядағы барлық зауыттардың жұмысын тоқтатты

Токиодағы саудада компания акциялары 0,2%-ға арзандады.

Toyota Жапониядағы барлық зауыттардың жұмысын тоқтатты Фото: East West Stream

Жапониядағы Toyota Motor компаниясының 14 зауытында жұмыс уақытша тоқтатылды. Оған себеп автокомпоненттермен жұмыс істеуге арналған компьютерлік жүйедегі ақау. 

Бұл туралы REUTERS агенттігі хабарлады.

"Ақаудың себебі әлі анықталған жоқ, бірақ мәселе кибершабуылға байланысты болуы мүмкін", – деп хабарлады компания өкілі Савако Такеда.  

Зауыттар жұмысы қашан жанданатыны әзірге белгісіз.

Бұған дейін Nikkei агенттігі Toyota зауыттары жұмысын тоқтатқанын хабарлады. Агеттік мәліметінше, апат Toyota және Lexus көліктерінің өндірісіне әсер еткен.

2022 жылдың наурыз айында Toyota бөлшек жеткізуші Kojima Industries компаниясына жасалған кибершабуылдарға байланысты барлық зауыттарында жұмысын тоқтатқан.

Токиодағы саудада Toyota акциялары 0,2%-ға арзандады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу