TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарын айналымға шығарылады

531

Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚҰБ) ресми сайтында қосымша жарияланады. 

TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарын айналымға шығарылады Фото: inform.kz

ҚҰБ TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Қазақстан ұлттық банкіне сілтеме жасап.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банктерінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

"Монеталар реверсі дизайнының негізіне ежелде қолданылған ойын тақтасының дәстүрлі нысаны алынды. Күмістен жасалған монеталарда TOĠYZQUMALAQ жазуы және соғылған жылдың сандық белгісі алтын жалатылған ойын шарлары түрінде жасалған. Монетада 162 шар бейнеленген. Ойында да осы сан пайдаланылады. Монета реверсінің ортасында ою-өрнек орналасқан. Бұдан бөлек, дайындалған металды, сынамасын және массаны білдіретін жазулар бар", - делінген хабарламада.

Ал монеталардың аверсінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы ою-өрнек жолағымен көмкерілген. Елтаңбаның айналасында мемлекеттік тілде және ағылшын тілінде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY және REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазулары, ҚҰБ логотипі мен монеталардың номиналы белгіленген.  

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ нөмірі бар сапа сертификаттарымен кәдесый қаптамасында шығарылады. Мельхиор қорытпасынан жасалған монеталар жеке блистерлік қаптамада шығарылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу