Тозған банкноталар мен зақымдалған монеталарды қалай айырбастауға болады?

Қазақстан Ұлттық Банкі тозған банкноталар мен зақымдалған монеталар заңды төлем құралы болып қала беретінін ескертеді.  

Тозған банкноталар мен зақымдалған монеталарды қалай айырбастауға болады? Фото: inbusiness.kz

Оларды екінші деңгейлі барлық банкте, Ұлттық Банк филиалдарында және ұлттық пошта операторы "Қазпошта" АҚ-да номиналды құнына сай айырбастауға болады.

"Ұлттық валютаның зақымдалған төлем ақша белгілері ҚҰБ филиалдарында тегін айырбасталады және сомасына шектеу қойылмайды. Дегенмен, екінші деңгейлі банктер өздерінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, қызметтің бұл түріне комиссия ұстауға құқылы екенін ескертеміз", – деп хабарлады бас банк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу