Трактор тізгіндеген мас жүргізуші салт аттыны қағып кетті

Ат үстіндегі адам сол жерде жан тапсырды.  

Трактор тізгіндеген мас жүргізуші салт аттыны қағып кетті Фото: Облыстық полиция департаменті

Демалыс күндері Павлодар облысында екі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өкінішке қарай, екі жағдайда да жәбірленушілерді аман алып қалуға мүмкіндік болмады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

24 желтоқсан күні Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округіне қарасты жазық далада тұрғындардың бірі МТЗ-92 маркалы трактормен жұмыс істеп жүрген. Алайда ол мас күйінде болғандықтан сол аумақтан өтіп бара жатқан салт атты адамды көрмей қалғанға ұқсайды. Сөйтіп, күрегімен адамды қағып кетті. Ер адам алған жарақат салдарынан сол жерде мерт болды.

Дәл сол күні Беловка - Қалқаман автожолының 18 шақырымында "Toyota Land Cruiser-100" маркалы автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні басып кеткен. Зардап шеккен адам да алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, аталған фактілер бойынша тергеу жұмыстары басталды. Көлік құралдары мамандандырылған айып тұрақтарына қойылып, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу