"Трамадол" атыраулық чемпионның көз жұмуына себепші болды

736

"Трамадол" дәрісі атыраулық чемпионның көз жұмуына себепші болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Трамадол" атыраулық чемпионның көз жұмуына себепші болды Фото: inbusiness.kz

Оқиға Атырау қаласында болған. Психотропты препараттың әсерінен ер адам көптің көзінше өзіне-өзі пышақ сұққан. Шақыртумен жеткен полицейлер оны тоқтатпақ болады. Бірақ көп қан жоғалтқан тұрғын көз жұмды. Бұл жайттың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеу басталған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Марқұм еркін күрестен түрлі жарыстарда чемпион атанған танымал спортшы еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу