Трамадолды рецептсіз сатқан дәріхана анықталды

576

Алматыда 30 таблетка трамадол мен 7 бөтелке тропикамидті 19 жастағы шаһар тұрғыны рецептсіз сатып алған, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Трамадолды рецептсіз сатқан дәріхана анықталды

 – "Допингтің" барлық жиынтығы үшін 19 жастағы Т.есімді азаматша фармацевтке 9 мың теңге берген. Екі тарап – сатушы да, сатып алушы да жауапқа тартылды. Дәрілік заттарды рецептсіз сату дерегі ҚР ӘҚбК-нің 426-бабына сәйкес тіркелді. Өндірістік материалдар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолданды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу