Трамадолды заңсыз сатқандарға 31,5 млн теңге айыппұл салынды

383

Дәріні заңсыз сатқандарды анықтау жұмыстары жалғасуда, 2020 жылдан бері барлығы 273 жағдай тіркеліп, 31,5 млн теңге айыппұл салынды.

Трамадолды заңсыз сатқандарға 31,5 млн теңге айыппұл салынды Фото: gov.kz

Енді кәсіпкерлерге сату ережелерін бұзғаны үшін 80-ден 160 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұл салынады немесе қылмыстың ауырлығына байланысты 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, деп жазады Inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәріні заңсыз сатқандарды анықтау жұмыстары жалғасуда, 2020 жылдан бері барлығы 273 жағдай тіркеліп, 31,5 млн теңге айыппұл салынды. Мәселен, 2020 жылы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті препаратты заңсыз сатудың 45 фактісін анықтап, 4 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салды. 

"2021 жылы 8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салумен осындай 80 факт анықталды. 2022 жылы 18,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салумен 137 факт анықталды және 2023 жылдың 3 айында 1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салумен 11 факт анықталды", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Үкіметі трамадолды есірткі заттарының тізіміне енгізгенін еске саламыз. Енді бұл препаратты арнайы рұқсаты бар дәріханалар ғана сата алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу