АҚШ президенті Дональд Трамп 11 қыркүйекте жасалған лаңкестіктен кейін енгізілген ТЖ режимін тағы бір жылға ұзартты. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.
Трамптың ойынша, 2001 жылдың 14 қыркүйегінде осы режимді жариялауға мәжбүр еткен лаңкестік қатері әлі де сейілмеген.
Егер америкалық президент осы датадан кейінгі 90 күн ішінде тағы бір жылға созу туралы құжатты Конгреске жібермесе және оны Федералды тізілімде жарияламаса, режим тоқтатылады.
Еске сала кетсек, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде лаңкестер басып алған төрт жолаушы ұшағы Нью-Йорктағы Дүниежүзілік сауда орталығы мен Вашингтондағы Пентагон ғимаратына қасақана соғылған еді. Қастандық салдарынан 2977 адам қаза тапты.
Табиғат Нұрболат