Трамп 2 миллион доллардан астам айыппұл төлеуі мүмкін

698

АҚШ президентіне тиесілі 8 нысан ауаға жыл сайын 27 мың тонна зиянды қалдық бөледі. Оның залалы 6 мың автокөліктен шығатын газбен бірдей.

Трамп 2 миллион доллардан астам айыппұл төлеуі мүмкін

Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін Трамптың иелігіндегі компаниялар 2 млн доллардан астам айыппұл төлеуі мүмкін. Нью-Йорк мэрі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

Оның айтуынша, АҚШ президентіне тиесілі 8 нысан ауаға жыл сайын 27 мың тонна зиянды қалдық бөледі. Оның залалы 6 мың автокөліктен шығатын газбен бірдей. Салдарынан жаһандық жылыну процесі жеделдеуі ықтимал. Дегенмен, Ақүй жетекшісі әлі бұл мәлімдемеге қатысты түсініктеме берген жоқ.

"Жақын күндері Нью-Йоркте "Жаңа жасыл келісім" атты құжат күшіне енеді. Біз баламалы энергияны пайдалану көрсеткішін 100 пайызға жеткізгіміз келеді. Мегаполистегі барлық көліктер экологияға залал тигізбейтін болады. Трампқа айтарымыз, әуелі істі өзінен бастасын. Егер бұл мәселеге назар аудармаса, біз айыппұл саламыз",– дейді Нью-Йорк мэрі Билл Де Блазио.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу