Трамп 7 елдің азаматтарының АҚШ-қа келу мерзіміне шектеу қойды

750

Трамп 7 елдің азаматтарының АҚШ-қа келу мерзіміне шектеу қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп көші-қонға байланысты жарлыққа қол қойды, бұл БАҚ көздерінде біршама дүрбелең тудырды. Алайда Трамптың айтуынша, иммигарциялық саясаты дұрыс түсіндірілмеуі жұрттың наразылығына әкеп соқтырып отыр, деп жазады РИА Новости.

Трамптың қол қойған "Елді шетелдік террористтердің келуінен қорғау" туралы жарлығы бойынша жеті елдің (Иран, Ирак, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан) азаматтары 90 күнге АҚШ аумағына кіре алмайды, сондай-ақ кез келген босқынды 120 күнге, Сириядан келгендерді белгісіз мерзімге елге кіргізуге тыйым салынған.

"Айтайын дегенім, БАҚ жариялағандай, бұл мұсылмандарға салынған тыйым емес. Мәселе дінде емес, терроризм мен еліміздің қауіпсіздігінде. Әлемде мұсылмандар саны басым 40-тан астам мемлекет бар, оларға бұл жарлық әсер етпейді", — делінген Трамптың арнайы мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу