Бұған дейін ағылшын тіліне мұндай мәртебе белгілі бір штаттарда ғана берілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.
АҚШ президенті Дональд Трамп ел тарихында алғаш рет ағылшын тілін федералды деңгейде ресми тіл деп тану туралы жарлыққа қол қойды.
АҚШ тарихында барлық негізгі құжат, соның ішінде Конституция мен Тәуелсіздік Декларациясы ағылшын тілінде жазылғанымен, елде ешқашан заң шығару деңгейінде мұндай ресми тіл болған емес. Ағылшын тіліне ресми мәртебе беруді жақтайтын ProEnglish тобының мәліметінше, ағылшын тілі АҚШ-тың 50 штатының 32-сінде ресми тіл ретінде танылған.
– Ағылшын тілін Америка Құрама штаттарының ресми тілі ретінде тану қажеттілігі бұрыннан бар, – делінген Жарлық мәтінінде.
Ол сондай-ақ АҚШ-та 350-ден астам тіл қолданылатынын мойындағанымен, ортақ тіл "ұлттық бірлікке ықпал ететінін" айтады.
Үкіметтің 2019 жылғы деректеріне сәйкес, АҚШ-тың 68 миллионға жуық тұрғыны үйінде ағылшын тілінде сөйлемеген. Олардың көпшілігі өзге тілді қолданған. 40 миллионнан астам тұрғын испан тілінде сөйлесті деген дерек бар.
Трамп бұған дейін Байден әкімшілігінің иммиграциялық саясатын сынаған кезде ағылшын тілін ресми тіл деп жариялау мүмкіндігін талқылаған болатын.
– Біздің елде бүкіл ел бойынша бірде-бір сарапшы сөйлей алмайтын тілдер бар. Бұл – ессіздік, біздің елде ешкім естімеген тілдер бар. Қорқынышты нәрсе, – деді Трамп 2024 жылғы 2024 жылы республикалық партияның съезінде.
Трамп өзінің жаңа бұйрығымен 2000 жылғы Билл Клинтонның федералды агенттіктер мен федералды бюджеттен көмек алатын барлық ұйымды ағылшын тілін білмейтін азаматтарға аудармашылық көмек көрсетуді талап ететін бұйрығын жойды. Енді басқа тілдерде қызмет көрсетуді қалайтынын агенттіктер өздері шешеді.
Бір айдан астам уақыт бұрын Ақ үйге оралған Трамп ондаған бұйрыққа қол қойды.
Олардың көпшілігі оның "Американы қайтадан ұлы ету" ұранына енген консервативті дүниетанымын көрсетеді.