АҚШ президенті Дональд Трамп тапсырысты жеткізген курьермен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Іс-шара C-SPAN телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақ үйдің жанына журналистер жиналған сәтте жеткізу қызметінің курьері McDonald's-тің екі пакетін алып, Доғал кабинеттің есігін қақты. Сыртқа шыққан Трамп курьермен тілдесіп, пакеттерді алды. Осы кезде ол әзілдеп, болып жатқан жағдайдың қойылым емес екенін жеткізді.
Содан кейін саясаткер әйелге өзімен бірге баспасөз мәслихатын өткізуді ұсынды. Осылайша 15 минутқа созылған баспасөз мәслихаты барысында курьер президенттің жанында болып, сұрақтарға жауап беріп отырды.
Журналистер Ақ үйде шайпұл жақсы беріле ме деп сұрағанда, Дональд Трамп бірден әйелге 100 долларлық купюраны табыстады.