Трамп АҚШ президенті ретінде алғашқы жарлыққа қол қойды

704

Трамп АҚШ президенті ретінде алғашқы жарлыққа қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп ұлықтау рәсімі аяқталған соң дәстүрге сай салтанатты түскі ас алдында Конгресс ғимаратында алғашқы жарлыққа қол қойды. Президент құжаттарды бекітуге қолданған бірнеше қаламды жақындарына естелікке сыйлады.

Трамп үкіметінің жаңа мүшелерін тағайындау туралы жарлықтарға қол қойып, сенаттың қарауына жіберді. Президент бекіткен құжаттардың ішінде Джеймс Мэттисті отставкаға шыққанына аз уақыт болса да, қайта қорғаныс министрі етіп тағайындауға рұқсат ететін заң да бар.

20 қаңтарда Вашингтонда ұлықтау рәсімі өтіп, Дональд Трамп АҚШ-тың 45-президенті ретінде қызметіне кірісті. Салтанатты шарада ант берген Трамп "елдегі ескерусіз қалған" әлеуметтік топ өкілдеріне жәрдем беруге, жаңа жұмыс орындарын ашып, халықаралық терроризммен күресті күшейтуге уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу