Кездесуде ол аталған елдің АҚШ экономикасына тигізген әсерін де сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Дональд Трамп АҚШ-ты пайдаланып отырған елдердің қатарына Ирландияны қосты.
Мартик жыл сайынғы Әулие Патрик күнін мерекелеу аясында АҚШ-қа сапармен келген еді. Ол өз сөзінде Ирландияның АҚШ-қа қосқан үлесін атап өтті.
Трамп бұған дейін АҚШ-тың сауда серіктестерімен, атап айтқанда одақтастарымен де, қарсыластарымен де тартысып келген. Ол Канададан Қытайға дейінгі елдерден келетін импортқа тарифтер енгізді.
Мартикпен кездесу барысында Трамп Еуропалық Одақтың АҚШ-қа "қарсы тұру" үшін құрылғанын қайталады.
"Ирландия да АҚШ-ты пайдаланып отыр ма?" деген сұраққа Трамп: "Әрине. Мен Ирландияға үлкен құрметпен қараймын, олар өз мүддесін қорғады, бірақ АҚШ мұндай жағдайдың болуына жол бермеуі керек еді, – деп жауап берді.
Ол бұл пікірін АҚШ-тың фармацевтикалық компанияларының көпшілігінің Ирландияға ауысуымен байланыстырды.
– Бізде ақымақ басшылар болды. Олар бизнес жүргізуден бейхабар немесе не болып жатқанын түсінбеді. Нәтижесінде Ирландияда біздің фармацевтикалық компанияларымыз орналасып алды, – деп қоса кетті Трамп.
Мартик бұл пікірмен келіспейді. Оның сөзінше, екі ел арасындағы сауда қатынасы жақсы. Ол мысал ретінде Ирландияның ең ірі екі әуе компаниясы АҚШ-тың Boeing компаниясынан ең көп ұшақ сатып алатынын еске салды.
Сонымен қатар, Мартик жүздеген ирландиялық компания АҚШ-та орналасып, мыңдаған жұмыс орнын ашқанын жеткізді.
– Бұл – статистикада жиі кездеспейтін, бірақ маңызды факт, – деді ол.
Бұған дейін Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен Ақ үйде кездесіп, Ресейдің Украинадағы соғысын тоқтату мәселесінде келіспей қалған еді.