Трамп аяқ астынан Ауғанстанға келді. Ашраф Ганимен кездескен ол осы елдегі америкалық әскерилер үшін тосын сый жасады, деп хабарлайды Atameken Business.
Осы жолы Ақ үй жетекшісі "Талибан" қозғалысымен келісім жасайды. Содан кейін Ауғанстандағы әскерилер еліне қайтады.
Қазір мұнда 13 мың сарбаз борышын өтеп жатыр. 18 жыл бұрын әл-Каедамен күресті бастаған топ, енді осы аймақты әскери технологияның көмегімен қашықтықтан бақылайтын болады. Осылайша, қорғаныс үшін бөлінген 2,5 трлн доллар үнемделмек.
"Талибан" қозғалысы бізбен келісім жасағысы келеді. Нәтижесінде біз осы жердегі әскерилердің санын азайтамыз. Егер біздің талаптар орындалмаса, аз күшпен де жойқын соққы жасауға шамамыз жетеді. Жеңіске жетпейінше, алған бетімізден қайтпаймыз",– деді Дональд Трамп.