Десе де, ол қандай оқиға жайлы айтып тұрғанын нақтыламаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Дональд Трамп өзінің Truth Social желісінде жариялап, "Бәрін ашық айтамын" деп уәде берген.
Бұған дейін ол Украинадағы қақтығысты реттеудегі рөлі туралы жазба жариялаған болатын.
– Украинаның бірде-бір жерін бермеген жалғыз президент – Дональд Трамп. Мұны ұмытпаңыздар, – деп мәлімдеген-ді Трамп.
Ал Зеленскийдің Трамптан кешірім сұрау мәселесіне тікелей жауап беруден жалтарғаны айтылады.
Украина президенті Владимир Зеленский "Ақ үйде болған келіспеушіліктен кейін Дональд Трамптан кешірім сұрай ма?" деген сұраққа ол нақты жауап бермеген. Дегенмен, Украина президенті Овал кеңсесіндегі жағдайдың оң нәтиже әкелмегенін мойындап отыр.
– Иә, бұл аса жақсы жағдай болмады. Бірақ өте сезімтал жайттар талқыланды және мен біздің серіктестеріміздің бұл мәселелерді дұрыс түсінгенін қалаймын, – деп түсіндірді Зеленский.
Sky News тілшісі Ялда Хаким Зеленскийден Ұлыбританияның әуежайында сұхбат алғанын айтты. Журналистің жазуынша, Украина президенті Ақ үйден күтпеген жерден кетуіне себеп болған жанжалдың егжей-тегжейін нақтыламаған.
Сондай-ақ, ол Трамппен қарым-қатынасы туралы сұрақтарға да жауап беруден бас тартқан.
CNN телеарнасының мәліметінше, АҚШ пен Ресей президенттерінің саммитін өткізу күн тәртібінде болған, алайда қазіргі уақытта бұл процесс жылдамдатылып жатыр.
– Жеке әңгімелерде Трамп пен Путиннің саммитіне дайындықтың қарқын алғаны айтылуда, – деп хабарлады арна.
Сонымен қатар, телеарна өткен аптада Ақ үйде Трамп пен Зеленский арасында болған жанжал АҚШ әкімшілігі тарапынан әдейі ұйымдастырылып, Украина басшысын маңызды оқиғалардан шеттету үшін жасалған болуы мүмкін екенін алға тартады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу мен Вашингтон екіжақты қарым-қатынастарды қалпына келтіру бойынша диалогты жалғастырып жатқанын мәлімдеген.