Трамп Байденді тағы сынға алды

610

Бұл жолы АҚШ-тың басқа елдерге мұнай өндіру туралы өтініштері үшін. 

Трамп Байденді тағы сынға алды

"Олардың (Президент Джо Байден әкімшілігі) істеп жатқаны – ақымақтық. Біз Венесуэлаға жалбарынамыз, Сауд Арабияға жалынамыз, аяғымыздың астында мұнайдың ең ірі қоры бола тұра, басқа елдерден сұраймыз", – деді ол Майамидегі конференцияда сөйлеген сөзінде.

Бұл туралы inbusiness.kz "Прайм" агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

АҚШ-тың экс-президентінің айтуынша, Ақ үй шикізат импортын қамтамасыз етуге емес, елдегі "қара алтынды" өндіруге назар аударуы керек.

Трамп қазіргі билік "американдық арманды" бұзып жатқанын айтты.

"Әлем бізге қарап күліп, мазақ қылуда", – деп атап өтті ол.

ОПЕК+ сәрсенбіде өткен отырыстың қорытындысы бойынша қараша айынан бастап мұнай өндіруді тәулігіне екі миллион баррельге қысқартуға уағдаласты, санақ базасы ретінде тамыз айына келісілген өндіріс деңгейлері алынады. Альянс өз шешімін әлемдік экономика мен мұнай нарығы бойынша болжамдар төңірегіндегі белгісіздіктермен түсіндірді.

Байден әкімшілігі ОПЕК мүшелерін шикі мұнай өндірісін азайтпауға көндіруге тырысты, деп хабарлайды CNN.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу