Трамп Байденнің ұсынысын "Американы жою жоспары" деп атады

976

Демократтар инфрақұрылымды дамытуға 3,5 трлн доллар бөлу туралы шешім қабылдады. 

Трамп Байденнің ұсынысын "Американы жою жоспары" деп атады

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қазіргі мемлекет басшысы Джо Байденнің инфрақұрылымды дамытуға қатысты бюджеттік ұсынысын "Американы жою жоспары" деп атады, деп хабарлайды Inbusiness.kz америкалық БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Сіз ұйықтап жатқанда, радикалды демократтар Американы жоюдың коммунистік жоспарын іске асырмақ. Бұған 3,5 трлн доллардай қаражат шығындалады", – Ақ үйдің бұрынғы басшысы.

Трамп мұндай заң АҚШ халқына және "америкалық арманға" жасалған шабуыл екенін айтты. Оның сөзінше, бұл қадам салықтың өсуіне және күнделікті тауарлар бағасының өсуіне әкеліп соқпақ. Экс-президент ел тоналып жатыр деген пікірде, сондықтан ол халықты "оянуға" үндеді.

Бұған дейін Трамп соңғы президенттік сайлау жалған деп мәлімдеген еді. Ол мұндай әділетсіздікпен күресу керек екенін өз жақтастарына айтқан болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу