Трамп "бізде әлемдегі ең қуатты қару бар" деп мақтанды

АҚШ-тың уақыт пен кеңістікті басқаруға қабілетті екені айтылды. 

Трамп "бізде әлемдегі ең қуатты қару бар" деп мақтанды Фото: РИА Новости

Бұл туралы Ақ үйдің Ғылым және технологиялар саясаты басқармасының директоры Майкл Крациос мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған дейін Дональд Трамп Америкада ешкім білмейтін, әлемдегі ең қуатты қару бар екенін ескертіп, өзге елдерге сес көрсеткендей болған еді.

Ал Майкл Крациос Endless Frontiers Retreat конференциясында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың технологиялары уақыт пен кеңістікті басқаруға мүмкіндік беретінін нақтылады.

– Біз әлдеқайда көп нәрсеге қабілеттіміз. Біздің технологияларымыз уақыт пен кеңістікті басқаруға мүмкіндік береді. Олар қашықтықты жояды, өсімді жеделдетеді және өнімділікті арттырады, – деді ол.

Айта кетейік, аталған мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың бір апта бұрын жасаған, "бізде әлемдегі ең қуатты қару бар" деген сөзінен кейін жасалды.

– Бізде ешкімнің түсіне кірмейтін қару бар. Бұл – әлемдегі ең қуатты қару, тіпті басқалардан да қуатты, – деп мәлімдеді Трамп.

Сонымен қатар, Ақ үйдің технологиялық басымдықтары жасанды интеллект, кванттық есептеу және ядролық технологиялар салаларында зерттеулер мен әзірлемелерге бағытталған. Майкл Крациос бұл салаларда АҚШ-тың жетекшілігін қамтамасыз етуге баса назар аударатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу