Трамп бизнесін өзге елдерге әкететін компанияларға қомақты салық салатындығын айтып ескертті

1186

Трамп бизнесін өзге елдерге әкететін компанияларға қомақты салық салатындығын айтып ескертті

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп қызметкерлерді жұмыстан босатып, өндірісті АҚШ-тан тысқары жерлерге әкететін америкалық компаниялардың өніміне салықты жоғарылататынын айтып ескертті, деп хабарлайды vestifinance.ru.

Бұл жөнінде әлеуметтік желілерде бірнеше мәрте хабарлама жасаған Дональд Трамп  АҚШ-та қызметкерлерді жұмыстан босатып,  басқа елдерде өндіріс ашатын компаниялардың өніміне салықты  35 пайызға дейін көтеретінін  мәлімдеді.

Жаңадан сайланған президент компанияларды "салдары ауыр болатын қателіктер" жасамауға шақырды.

"АҚШ-та бизнеске салынатын салық пен мемлекеттік реттеу өте төмен, алайда өзге елге кететін, қызметкерлерін жұмыстан шығаратын, басқа елде жаңа фабрика немесе зауыт салатын және өнімін қайтадан әкеліп АҚШ-та саудалайтын кез келген компания үлкен қателік жасайды. Автомобиль, кондиционер және басқа да өнімдерін қайтадан шекара асырып АҚШ-та саудалағысы келетін мұндай компаниялар үшін салық 35%-ға көлемінде белгіленбек", – деп мәлімдеді Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу