Трамп болат пен алюминийге импорттық баж салығын салуға жарлық шығарды

994

Трамп болат пен алюминийге импорттық баж салығын салуға жарлық шығарды

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Еуропадан АҚШ-қа әкелінетін болат пен алюминийге импорттық баж салығын салу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кететін жайт, Еуроодақ – АҚШ-тың негізгі болат жеткізушілерінің бірі. Сарапшылардың есебі бойынша, осының кесірінен Еуропаның болат құю өнеркәсібі 2 жарым миллиард доллар көлемінде шығын көреді. Бұған жауап ретінде Еуропа бірқатар америкалық тауарға, мысалы, джинсы, виски, мотоцикл мен жержаңғақ майына баж салығын өсірейін деп отыр. Еуроодақтың сауда жөніндегі комиссары Сесилия Мальмстремнің айтуынша, Еуроодақ ресми Вашингтонның бұл шешіміне шағым түсіріп, Дүниежүзілік сауда ұйымына жүгінуге толықтай құқылы.

"Еуроодақ пен АҚШ – бірқатар салада бірлесе жұмыс істеп келе жатқан серіктестер. Сондықтан АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қандайда да бір қауіп төндіріп тұрмыз деп ойламаймын. Президент Трамптың жасаған мәлімдемесін түсінген жоқпыз, енді америкалық тараптың осыған қатысты не айтатын күтеміз. Одаққа мүше 28 ел Дүниежүзілік сауда ұйымының ережесіне сүйене отырып, 90 күн ішінде АҚШ-қа салынатын салық мөлшерін көбейте алады", - дейді ЕО сауда жөніндегі комиссары Сесилия Мальмстрем.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу