Трамп БҰҰ-ға бөлінетін қаржыны қысқартпақшы

1052

Трамп БҰҰ-ға бөлінетін қаржыны қысқартпақшы

АҚШ президентінің әкімшілігі Біріккен ұлттар ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдарға бөлінетін қаржыландыруды 40%-ға қысқарту туралы жарлық дайындап жатыр, деп жазады "КоммерсантЪ" басылымына сілтеме жасаған reactor.inform.kz.

Бұдан бұрын президент әкімшілігінің баспасөз хатшысы Дональд Трамптың АҚШ-тың БҰҰ мен НАТО-ға қаржы құюын құптамайтынын жеткізген.
Бұл шешім қабылданса БҰҰ-ның жұмысы өзгереді. Себебі бейбітшілік миссиясының 25%-ын АҚШ қаржыландырады.
Бұған дейін Трамп БҰҰ-ның зор әлеуетке ие екенін, бірақ "уақытты жақсы өткізуге болатын жерге" айналғанын айтқан болатын.
Дональд Трамп Палестина автономиясы кіретін ұйымдарды, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Кореяға салынған санкцияларды сырт айналып жұмыс істейтін өзге де құрылымдарды қаржыландыруды толықтай тоқтатуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу