Трамп: Егер менің аралымда ұйымдастырсақ, елдің ақшасын үнемдер едік

797

Мәрттік танытқан Дональд үлкен жетілік саммитін Майамидегі шипажайында тегін өткізуді қалайды.

Трамп: Егер менің аралымда ұйымдастырсақ, елдің ақшасын үнемдер едік

Трамп Президент болмаса, кемі 2 не 5 млрд доллар табар еді. Ақ үйге келгелі тегін жұмыс істеуге келіскен ол 450 мың доллар айлықтан бас тартқан, деп хабарлайды Atameken Business.

Мәрттік танытқан Дональд үлкен жетілік саммитін Майамидегі шипажайында тегін өткізуді қалады. Оның жалпы шығыны  – 2 млрд долларға жуық. Бірақ демократтар оған жол бермейміз дейді. Конгрессмендер арнайы заң жобасын дайындап, Трампқа тиесілі нысанда қандай да бір шара өткізуге қарсылық танытып жатыр.

"Мен басқа бір жер табармын. Ол мәселе емес, ақшасын да төлерміз. Бірақ қымбат болары анық. Франция саммит өткізгенде бәленбай миллион доллар бюджет қаржысын шығындады. Егер менің аралымда ұйымдастырсақ, елдің ақшасын үнемдеп қалар едік. Елдер мен пайда көреді деп ойлайды. Шын мәнінде бір тиын алатын жайым жоқ. Бұл – саясат қой",– дейді Дональд Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу