АҚШ президенті Дональд Трамп американдық кәсіпкер Массад Булосты араб және Таяу Шығыс істері бойынша аға кеңесші қызметін атқаратынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айта кетейік, Массад Булос АҚШ президентінің кенже қызы Тиффани Трамптың қайын атасы.
Булостың әкесі мен атасы Ливан саясатындағы танымал қайраткерлер болған. Оның ұлы Майкл мен Тиффани Трамп 2022 жылдың қарашасында Дональд Трамптың Флоридадағы "Мар-а-Лаго" резиденциясында үйленді. Ерлі-зайыптылар Трамптың бірінші президенттік мерзімі кезінде Ақ үйдің Раушан бағында үйленді.
"Жақында Булоспен байланысқан үш дереккөздің айтуынша, ол Ливанның әртүрлі саяси топтарының өкілдерімен байланыста, бұл ондаған жылдар бойы фракциялар арасында терең келіспеушіліктер болған елде сирек кездесетін жағдай", – делінген материалда.
Century Foundation талдау орталығының ғылыми қызметкері Арон Лунд науқан кезінде араб және мұсылман сайлаушылары арасында сайланған президентті қолдауды кеңейтуде маңызды рөл атқарған Булос Трамптың Таяу Шығыс саясатына айтарлықтай әсер етуі мүмкін деп санайды.
Басылымның мәліметінше, бұл Трамптың мемлекеттік қызметке құдасын ұсынуы бірінші рет емес.
Сенбіде ол Джаред Кушнердің әкесі, жылжымайтын мүлік магнаты Чарльз Кушнерді АҚШ-тың Франциядағы елшісі етіп тағайындайтынын мәлімдеді. Джаред Кушнер – президенттің үлкен қызы Иванка Трамптың күйеуі.